Назначение выборов акима Покровского с/о

2025 жылғы 16 наурызға Покровка ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау

Есіл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2025 жылғы 5 ақпанда аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда мәселелер қаралды:

1.  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы.

2.  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау және әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары туралы.

3.  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округінің шекаралары туралы.

Басқа да мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.