Сайлаушы жолы

Сайлаушы жолы – қадам сайын
саналы таңдау жасау

Әр дауыс — еліміздің болашағына қосқан үлес.
Саналы түрде сайлауға қатысу — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Демократия қағидалары мен сайлау ережелерін түсіну әрбір азаматқа білімге
деректерге және жеке сенімдерге негізделген дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Тек әркімнің белсенді қатысуы елді мықты, әділ және тұрақты етеді.

  • Демократия – халықтың күші

    Демократия-бұл азшылықтың құқықтарын құрметтей отырып, көпшілік шешім қабылдайтын басқару түрі.
    Әрбір азаматтың дауыс беру құқығы бар, яғни ол өз елін басқаруға қатысады.

    Демократия – власть народа
  • Таңдау құқығы-азаматтың міндеті

    Дауыс беру-бұл жай ғана пікір білдіру емес, болашаққа жауапкершілік алу.
    Сайлау құқығы - демократияның негізі болып табылады және оны жүзеге асыру әр азаматты үлкен өзгерістердің бір бөлігіне айналдырады.

    Право выбора - обязанность гражданина
  • Көпшілік қағидасы және азшылықты құрметтеу

    Демократиялық қоғамда көпшілік жеңіске жетеді, бірақ азшылық өз пікірін білдіру құқығын сақтайды.
    Елдің бірлігі көзқарастардың біркелкілігіне емес, әрқайсысының таңдауына құрметпен қарауға негізделген.

    Принцип большинства и уважение меньшинства
  • Сайлау қалай өтеді

    Сайлау кезең-кезеңімен өтеді: сайлауды тағайындау, кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат, дауыс беру және қорытындылау.
    Айқындық пен ашықтық – әділ сайлаудың негізгі белгілері.

    Как проходят выборы
  • Саналы қатысу

    Саналы сайлаушы шешімді эмоция мен жарнаманың ықпалымен емес, фактілерге, бағдарламаларға және жеке көзқарастарына сүйене отырып қабылдайды.
    Әр дауыс маңызды.

  • Өз біліміңді тексер

    Демократия мен сайлаудың негіздерін қаншалықты жақсы білетіндігіңізді тексеріңіз.
    Қысқа тестілеуден өтіңіз және сайлау процесі туралы өз білім деңгейіңізді анықтаңыз.

    Тестирование

Демократия — бұл тек билік формасы емес.
Бұл — сыйластық мәдениеті, әркімнің қатысуы және ортақ болашаққа жауапкершілік.

Саналы таңдау жаса — әркімнің дауысы маңызды.