Жас сайлаушылар клубының
отырысы
25.11.2025 ж.

2025 жылғы 25 қарашада Есіл ауданының Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті, онда жастардың құқықтық мәдениеті мен сайлау белсенділігі мәселелері бойынша облыстық сауалнама нәтижелері ұсынылды және талқыланды. Қатысушыларға қамту деректері, жастардың сайлауға қатынасы, сайлау процесіне деген сенім деңгейі, ақпарат алу көздері және қатысу мотивациясына әсер ететін факторлар көрсетілді.

Талқылау барысында жастар білім беру жұмысын кеңейту, қатысудың цифрлық нысандарын дамыту және оқу орындарында қосымша кездесулер өткізу қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Есіл аудандық сайлау комиссиясына жіберілетін жас азаматтардың ақпараттылығы мен сайлау белсенділігін одан әрі арттыру жөнінде ұсыныстар қалыптастырылды.