Жас сайлаушылар клубының
отырысы
03.09.2025ж.
Бүгін Есіл аудандық сайлау комиссиясы жанында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар жастардың сайлауға қатысуының маңыздылығын талқылады, сондай-ақ Конституцияда бекітілген сайлаушының құқықтары мен міндеттерін еске салды. Ашық диалог форматында жас сайлаушылар дауыс берудің неліктен маңызды екендігі және жастардың болашақта қандай рөл атқаратыны туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Мұндай отырыстар құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және жастарды қоғамдық-саяси өмірге тартуға ықпал етеді.
📌 Жас сайлаушылар клубы Есіл аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен құрылған және болашақ сайлаушылар арасында ашық қарым қатынас пен пікір алмасу алаңы болып табылады.